AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында тағы да жарылыс болды

Бүгін сағат 7:20 шамасында Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бұрын зақымданған жарылғыш заттар өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері  жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта орын алды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты.

 

Алдағы уақытта да бұндай жағдайлар орын алу мүмкін. Одан  бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілетін болады.

Қазіргі уақытта өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасуда.



Еске салайық, 26 тамыз күні кешке Тараз маңындағы инженерлік оқ-дәрілер сақталатын әскери бөлімнің қоймасынан өрт шықты. Өрт салдарынан онға жуық жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық зардап шегуші ауруханаларға жатқызылды, оның 49-ы төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері. Жарылыстан 17 адам ажал құшты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Сондай-ақ қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр