Тарап кеткен “Shine” қыздары тыңдармандарының сағынышын басты (видео)
Жәния Джуринская мен Сая Оразғалиева осыдан 7 жыл бұрын топ құрған болатын. Алайда олар белгісіз себептермен тарап, бүгінде фильмдерге түсіп жүр. Мұнымен қатар, Жәния Джуринскаяның жеке бизнесі бар. Күн кеше олар “Shine” тобының құрамында болған күндерді еске алып, ескі әндерін бірге шырқады. Желідегілер өз кезектерінде сағынып қалғандарын жеткізді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Кеше Жәния екеуіміз 2010-2012 жылдарды еске алдық. Ол кезде “Shine” атты тобымыз болған еді. Мына кароке-микрофонды ойлап тапқан жандарға алғыс айтамыз. Қолға телефонды алып, интернеттен сүйікті әуендеріңізді таңдайсыздар. Артынша bluetooth арқылы микрофонның колонкасына қосыласыздар. Кез келген жерде өлең айтқанды ұнататын жандарға арналған екен. Көлікті абайлап жүргізуге тырыстым. Сол себепті, уайымдамаңыздар”, – дейді Сая Оразғалиева.
Желі қолданушылары өз кезектерінде “Shine” тобын сағынып қалғандарын жазып жатты. “Керемет! Қанша рет қарап шыққанымды сөзбен жеткізе алмаймын”, “Сіздер сондай керемет жандарсыздар! Мен сіздерді қатты жақсы көремін”, “Жарайсыңдар, қыздар! Сендерді жақсы көремін”, “Рөлде абай болыңыздар”, “Видеоны жылдамдатқанның өзінде тамаша ән саласыздар”, “Не десе де, рөлде отырғаныңызды ұмытпаңыз” деп жазады олар.
Жіберіп алмаңыз:
Микрофонды қоя салып шашуға жүгірген әншілер жұртты күлдірді (видео)
Бағдат Сәмединова: Уақытты сылтауратып жылағандардың жанынан зуылдап өте шығамыз
Дастан Оразбеков: Астанаға көшіп келсем деген ниетім бар
Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)