Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тарантино Ума Турманды шынжырмен қылқындырып, оған түкіргенін мойындады

Режиссёр Квентин Тарантино актриса Ума Турманды шынжырмен қылқындырғанын, сондай-ақ, түсірілім кезінде оған түкіргенін мойындады. Ол актрисаны маңызды көріністерге дайындау мақсатында қауіпті қадамға барғанын айтады.

Актер Vulture басылымына сұхбат берді, деп жазады Stan.kz.

Бұдан өзге, режиссер түсірілім кезінде каскадердің көмегіне жүгінбей, актрисаны қауіпті әрекет жасауға не үшін мәжбүрлегенін түсіндірді.

“Бұл менің өмірімдегі ең үлкен өкініштердің бірі. Бірақ режиссер ретінде әрдайым жаңа нәрсені үйреніп отыруым керек. Тіпті кейде осындай сорақы қателіктер жасасам да”, – дейді Тарантино.

Сондай-ақ, режиссер ұзақ уақыт бойы өзінің жақын досы, продюсер Харви Вайнштейннің Ума Турманға доқ көрсетіп келгенін білетінін айтты. Тіпті, ол үшін әріптесінен кешірім сұрауды талап еткен көрінеді.

“Оқиғаның қалай болғанын айтып, ақталуға тырысқан кезінде, оның хикаясына алданып қалмадымү Оған: “Саған сенбеймін, Умаға сенемін дедім. “Биллді өлтіру” фильмін түсіргің келсе, ереже бойынша жұмыс істеуің керек”, – деп еске алады режиссер.

Айта кетейік, бұған дейін Ума Турман Вайнштейіннің өзіне сексуалдық тұрғыдан тиіскенін айтқан болатын. Бұдан кейін, актриса “Биллді өлтіру” фильмінің түсірілімі кезінде өліп кете жаздағанын әлеуметтік желіде баяндады.

Түркияда сол қолмен тамақ жеуге тыйым салынды

Талқылау