Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал тележүргізуші Салтанат Бекжігітова ұзатылды (фото)

Танымал тележүргізуші әрі “Алматы аруы-2010” байқауының жеңімпазы Салтанат Бекжігітова ұзатылды. Әзірге сүйіктісінің есімі Сандыжар екені ғана белгілі.

image

Фото: instagram.com/bekzhigitova/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Осыдан бірнеше ай бұрын Салтанат Бекжігітова өзінің сүйіктісімен бірге әріптестерінің бейнебаянына түскен болатын. Аталған бейнебаянда танымал тележүргізушінің тұрмысқа шығып жатқан сәті таспаланған. Енді міне тойларына дайындық жүргізіп үлгерген қос ғашық  шынайы өмірде той жасап жатыр. Қыркүйектің 11-і күні Салтанат Бекжігітова ұзатылды. Әзірге үлкен тойдың қашан болатыны белгісіз.

Бұл қуанышты хабарды тележүргізушінің өзі инстаграм парақшасы арқылы бөлісті. Сүйіктісімен тойда түскен бірнеше сурет салып, тұсына “Ұядан ұшып, қияма қондым” деп жазады ол.

14350640_612362732274718_283684429_n

Әзірге күйеу жігіттің есімі Сандыжар екені ғана белгілі. Жуырда олар Алматы қаласында өткен бойы ұзын адамдардың кездесуіне барған болатын. Аталған кездесу барысында өткізілген сайыста бас жүлдені еншілеп үлгерген-ді. Бекжігітованың бойы – 180 см болса, сүйіктісінің бойы – 193 см екен.

“Көйлек сондай әдемі. Өзің де сұлусың”, “Салтанат, сен әрдайым мықты болатынсың. Дәл қазір керемет болып тұрсың. Тамаша! Сұлулығыңа көз сүйсінеді! Өміріңді өзің қалағандай етіп сүр, бақытты бол”, “Көйлегіңе сөз жоқ”, “Құттықтаймын! Екеуің жарасымды жұпсыңдар!” дейді желі қолданушылары.

14288020_1759469000979151_369608752_n

Салтанат Бекжігітова мектеп қабырғасында ұзын бойынан қатты ұялған. Мұнымен қатар, өзін ұсқынсыз деп санаған. Бірақ есейе келе комплекстерін жеңіп, “Алматы аруы-2010” байқауында бас жүлдені иеленді. Бұдан кейін медицина саласында білім алып, ұстаздық етуді армандады. Алайда ақырында экономика факультетіне тапсырып, сол жерде білім алады.


Жіберіп алмаңыз:

Қалыңдық анасы және әжесі киген той көйлегімен ұзатылды (фото)

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзатылды

Ақерке Тәжібаева сүйіктісі туралы айтып берді

Бекжігітова сүйіктісімен бірге тойларына дайындалып жүр (фото)

Талқылау