Танымал сәнгер Аида Кауменованың екінші күйеуімен заңды некесін қиғаны белгілі болды (фото)
Отандық танымал сәнгер Аида Кауменова екінші рет тұрмысқа шықты. Бұл туралы сәнгердің құрбысы, белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан айтып қойды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бүгін танымал сәнгер Аида Кауменова екінші мәрте тұрмысқа шықты. Сәнгерге өміріндегі қуанышты жаңалықпен оның құрбысы, танымал тележүргізуші Динара Сәтжан бөлісті.
«Ұзақ күткен күн де келді. Аида Кауменова бүгін тұрмысқа шықты», – деп жазды тележүргізуші Instagram парақшасында.
Алайда сәнгердің жүрегін жаулаған азаматтың кім екені жөнінде әзірге ақпарат жоқ.
Өз кезегінде желі қолданушылары сәнгердің жаңалығына қуанып, бақыт тілесті.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Аида Кауменованың өз азаматын тауып, мұсылманша неке қиғанын хабарлаған едік.
Оқи отырыңыз:
Баян Алагөзова Геннадий Головкиннің арқасында айыппұлдан сытылып кетті (видео)
Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыздың сахнадағы биі желіні жарды (видео)
Кенжесін айналып-толғанған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді (видео)
Ақбота Сейітмағамбет Көк базардағы сауда орталығынан қытайлық аяқ киім сатып алып жүр (фото)