Танымал көріпкел Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі қалай аяқталатынын айтты
Мексикадағы танымал экстрасенс, астролог Мони Виденте Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне қатысты болжам жасады.
Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Менің болжауымша, бұзылған етпен немесе етсіз-ақ «Канело» бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді», – дейді Виденте.
Бұған дейін Виденте Голвкин мен «Канелоның» 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен жекпе-жегіне қатысты болжам жасаған еді.
«GGG –өте мықты қарсылас. Сондықтан «Канело» абай болуы керек. «Канело» 11-раундта жеңіп, нәтижесінде судьялардың бірауыз шешімімен жеңіске жетеді», – деп көріпкел алғашқы жекпе-жекке қатысты болжам жасаған еді.
Айта кетсек, «Канелоның» допинг қолданбағаны расталса, Головкин мен Альварестің қарымта кездесуі 5 мамырда Лас-Вегас қаласында өтеді.
Оқи отырыңыз:
Бүгін Пхенчханда қысқы Паралимпиада ойындары басталды
«Канелоның» тағы екі допинг сынамасының нәтижесі белгілі болды
Боксшы Назым Қызайбайдың зілдей балғамен жаттығу жасаған сәтінің видеосы пайда болды (видео)