Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал емші Аша Матайдың «Қалаулым» бағдарламасын сынап, бала əріптесі Ербосынға қатысты пікірін айтты

Өзін дүниежүзілік кәсіби емшілер қауымдастығының президенті деп таныстырған Бауыржан Нұржанов телешоу мен бағдарламаларды үзбей қарайтындығын айтты.

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

«Кеше Аша Матай жүргізетін «Қалаулым» бағдарламасын көрдім. Аталарымыз айтқандай, «ақырзаманда шелектегі су тартылады, қарап тұрған жігітке қыз артылады». Ата-бабамыз қыз айттырған. Қыз жігітті айттырып келді дегенде мен таңғалдым», — дейді кәсіби емші.

Сондай-ақ, Бауыржан Нұржанов халық арасында «Аралдық емші бала» атанған Ербосын Серікбаев туралы пікірін білдірді.

«Емшілік саласында жүрген маман ретінде айтарым, ол балаға қарап, қарным ашады. Қазақ халқы бәрін күлкіге айналдырғанды жақсы көреді. Оның болашағы туралы ойлау керек», — деді емшілер қауымдастығы президенті.

Өзі бағдарламаны қарап отырса да, телешоуға қонақ ретінде баруға асығар емес. Айтуынша, оны Ресейде танымал шоумен Андрей Малахов та студияда қонақ болуға шақырған. Алайда, ол бас тартқан.

«Бірінші басшы ретінде Ресейдегі «Битва экстрасенсов» деген бағдарламаны Қазақстанда түсіруге рұқсатымды бермеймін. Жалпы, бағдарламаларға шақырғанда сенің ең кір жеріңді іздеп тұрады ғой», — дейді Бауыржан Нұржанов.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық бүлдіршіндер енді ел тарихын мультфильмдер арқылы танып біледі

66 жастағы зейнеткер бес жылы бойы туған немересін зорлап келген

Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен қазақстандықтар бүгін елге оралады

Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды

Талқылау