Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал бизнесмен Алматы зообағының қарызын жауып берді

Белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген Алматы зообағының неміс архитекторы Питер Разбахтың алдындағы қарызын төлеп берді.

Безымянный

Бұл туралы зообақ директоры Ержан Еркінбаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Архитектор Питер Разбах Алматы зообағы қайта құрылымының жобасын жасау керек болған. Бірақ, әкімшілік оған қажетті қаражатты тауып бере алмапты.

“Істелген жұмыс үшін төлену керек ақы 62 мың евро. Кез-келген адам біздің қаламыз үшін жасалған жұмысқа маңдай терімен тапқан ақшасын бере салмайды. Енді біз Қайраттың көмегі арқылы Разбахпен ынтымақтастықты қайта қалпына келтіріп, істі соңына дейін жеткізбекпіз”, – деп жазады зообақ директоры.

Бұған дейін тағы бір жас бизнесмен Вячеслав Банщиковтың ірі көлемде қаражат құйып, Алматы зообағына көмек бергісі келетіні жазылған еді.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда 11 жасар оқушы қыз баланы педофилден құтқарып қалды

Бас мүфти: Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу міндет емес

Атырауда 17 жастағы қыз 11 үйді тонап кетті

ОҚО-да 17 жастағы қыз күйеуге шығу үшін өз үйінен қашып кеткен

Талқылау