Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал балет бишісі Алматыда қоқыс теріп күнелтіп жүр

Көпшілікке танымал “Тодес” шоу-балетінің бұрынғы солисті Низам Каримов қазір Алматыда қоқыс теріп, күн көріп жүр. Қазір ол бұрынғыдай телестудияда емес, жуынды төгілген маңайда би билейді.

Без-названия

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Ол бір кездері Кристина Орбакайте, Сосо Павлиашвили сынды жұлдыздармен дос болып, танымал шоу-балетінде керемет биімен көрермендерді тәнті еткен.

“Алла Духованың (“Тодес” балетінің көркемдік жетекшісі) арқасында мен ресей эстрадасының жұлдыздарымен таныстым. Анна Владимирқызы маған әрі әпке, әрі ана болып, жол көрсетті. Оның арқасында мен Кристина Орбакайте, Филипп Киркоров, Лайма Вайкуле, Игорь Крутой сынды мықтылармен бірге жұмыс істедім”, – дейді Низам.

Алайда мұның барлығы өткеннің еншісінде. Әйелі онымен сот арқылы ажырасып, барлығы дүние-мүлікті алып кеткен. Жеке студиясын ашсам деген жобасы да тоқтады. Ақырында нан таппай көше кезіп тентіреп кетеді.

“Алматыда өмір сүріп жатқаныма 11-ші жыл. Бәріне сенуден шаршадым. Мен әлі де өнер көрсетемін, бірақ олардың төлеген ақысы, рахметі көңілімнен шықпайды. Қазір бәрі менің сыртымнан түрлі әңгіме айтады, ал көзбе-көз ештеңе демейді”, – дейді биші.

Мәскеудегі Кеңес армиясы театрында ағасы оған арнап би залын жалдап берген. Ол үшін арнайы көлік жүргізушісін де тағайындаған. Бір ай ішінде Каримов ол жерде екі би қойып, Алла Духованың жақсы бағасына ие болады.

“Олар менде саусақ жоқ екенін ешқашан білген емес. Мен саусақсыз туғанмын. Ал оларға көрсеткенімде, менде қолғап болатын. Ыңғайсыз болды, бірақ олай туғаныма мен кінәлі емеспін. 12 жыл бойы ешкім менде саусақ жоқ екенін түсінген де емес”, – деді солист.

Ол қазір өзінің қаңғыбас достарына арнап қойылымдар қойып береді. Көшеде қалғалы бері достары да Низаммен байланысты үзген. Бірақ, әлі де болса шоу-бизнеске қайта келгісі келеді. Ал қиындықтарды уақытша деп санайды.

Талқылау