Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал аспаз Джейми Оливер «балаларды нашақорға айналдыратын» сусындарды атады

Британиялық танымал аспаз, тележүргізуші Джейми Оливер Ұлыбритания билігін 16 жасқа толмаған балаларға қуат беретін сусындарды сатуға тыйым салуға шақырды, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеп Stan.kz.

Аспаздың сөзінше, бұл қадам өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Қуат беретін сусынның бір құтысында шамамен 160 миллиграмм кофеин бар. Ал 10 жасар бала үшін кофеиннің күнделікті мөлшері 90 миллиграммнан аспауы керек. Десе де қуат беретін сусындар шығаратын танымал брендтер сусындарға түрлі дәм беріп, өнімдерін көбейтіп жатыр.

«Бұл сұмдық әрі дұрыс емес. Мұндай жағдай Ұлыбританияның жүздеген мектебінде күнделікті қайталануда. Біз қандай да бір шара қолдануымыз керек. Бұл сусындар балаларымызды нашақорға айналдырып жатыр», – дейді Оливер.

Сондай-ақ Оливер қуат беретін сусындарды сатып алушылардың 25 пайызы 16 жасқа толмаған балалар екенін атап өтті.

«Бұл тек білім беру саласының ғана емес, мемлекет экономикасының да мәселесі болып тұр. Мен асыра сілтедім деп ойламаймын. Егер қуат беретін сусындар оқушының үлгеріміне, бағасына әсер етсе, демек бұл адамдардың болашақта дұрыс мамандық иесі болуына әсер етеді», – дейді аспаз.

Бес баланың әкесі 20 жыл бойы адамдарға дұрыс тамақтануды үйретіп келеді. Әсіресе, бұл балаларға қатысты. Джейми Оливер мектептегі түскі ас сапасын жақсартып, тәтті сусындарға салық салу бойынша науқандарды сәтті өткізген.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтарға 600 жекеменшік клиника тегін қызмет көрсететін болады

Қарағанды облысы ауруханасында тағы бір бала көз жұмды

Оралда дүкеннен сатып алынған күріш суда өзінен-өзі еріген (видео)

Елімізде белгісіз дертке шалдыққан 4 бала ем таппай қиналуда

Талқылау