Танымал қазақстандық футболшы көз жұмды
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, алматылық "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Қайрат" клубының Instagram-дағы ресми парақшасынан мәлім болды. Станислав Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, "Восток", "Шахтер" және "Ертіс" командаcында ойнаған. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен кездері болды.
"Қайрат" сапында 2014-2018 жылдар аралығында ойнап, 91 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Лунин Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері болды.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді