Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал вайнер Ратбектің жары сәби күтіп жүр

Фото: instagram.com/ratbek/

Ratbek лақап атымен танымал блогер Ратбек Баянов пен жұбайы Айша сәби күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Жаңа кезең. Қалай ойлайсыздар, ұл ма әлде қыз ба?” – деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен блогердің жақындары отбасыны жарыса құттықтап жатыр.

Айта кетейік, Ратбек Баянов – қазақстандық блогер және вайнер (қысқа әзіл видеолар түсіретін контент авторы). Ол бірнеше жыл бұрын әлеуметтік желілерде өте танымал болған.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 18:15