Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатпақ
Халық арасында “Шаншар” театрындағы “Қошан”, “Тука” сынды образдарымен танылған Нұржан Төлендиев Қорлан есімді қызын ұзатқалы жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/nurjan.tolendiev.official
“Ассалаумағалейкум ,қазағым! Менің бүгін көңілім алып-ұшып тұр. Себебі хор қызым Қорлантайымды ұзатқалы жатырмын. Бұл жиналған асыл азаматтар ақ тілегін арқалап, қуанышымды бөлісіп келген достарым! Сіздерге үлкен рахмет” – деп жиыннан естелік сурет жариялады.
Желі қолданушылары әзілкештің мақтауын асырып, тілектес екендерін жеткізді.
“Бағы жансын Қорқыздың. Тукадай атасы бар жігіттің арманы жоқ шығар”, “Барған жерде бағы ашылсын!”, “ Өрісіңіздің кеңейгені құтты болсын,Нұржан аға!”, “Жастар бақытты болсын”, – деп жылы лебіздерін білдірді желідегілер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген