Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық спортшымен жекпе-жек өткізеді

ММАФото:Allstars

Қазақстандық танымал актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Тимур Никулинмен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айқас Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтеді.

Бұл айқас Еркебұлан үшін ММА-ден тыс өтетін ең ірі әрі ең көп талқыланатын айқас болмақ. Соңғы уақытта өзбекстандық жанкүйерлер қазақстандық файтерге ерекше қызығушылық танытып жүр. Осы мүмкіндікті сәтті пайдаланған менеджер Зия Әлиев қысқа мерзім ішінде келіссөздер жүргізіп, жекпе-жекті елдегі ең ірі спорт нысандарының бірі 12 500 жанкүйерге арналған Humo Arena-да ұйымдастырды. Еркебұланның қарсыласы  "Архангел" лақап атымен танымал медиа-жұлдыз Тимур Никулин.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар 2025 жылы OCTAGON лигасында тамаша нәтиже көрсетіп келеді. Ол өткізген екі жекпе-жегін де нокаутпен аяқтаған. Ақпан айында тәжікстандық Камариддин Хасановты (Камил Карате) төртінші раундта жеңіп, ұйымның BMF белбеуін иеленді. Ал тамыз айында ирандық Фарзад Гадериді екінші раундта нокаутқа түсіріп, өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ал Тимур Никулин болса Өзбекстанда дүниеге келген. Алайда қазіргі таңда Ресейде тұрады. Ол медиа-бокс пен жалаң жұдырық айқастарының ең танымал жұлдыздарының бірі.

Оның мансабында 22 жеңіс, 6 жеңіліс және 2 тең нәтиже тіркеген. Сонымен қаьар классикалық бокс ережесі бойынша барлық 9 жекпе-жекте жеңіске жетіп, екеуінде тең нәтижемен аяқтап, 1 рет жеңілген.

Соңғы бес жыл ішінде Бухарадан шыққан спортшы Ресейде кеңінен танылып, медиа-жұлдызға айналды. Ол Hardcore Boxing лигасының чемпионы атанып, Hype Reality жобасының алғашқы маусымында топ жарды. Бұған қоса Харун Бозиев, Ибрагим "Никархо" Исламов, Давид Хачатрян және Владислав "Белаз" Ковалёв сынды танымал поп-ММА файтерлерін жеңген. Сондықтан бұл жекпе-жек Еркебұлан Тоқтар үшін оңайға соқпайтыны анық.

 

Ақерке Өмірхан
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 15:35