Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда танымал актер өзенге құлап кеткен итті құтқарып қалды (видео)

Коллаж Stan.kz

Танымал актер Азиз Бейшеналиев Алматыдағы Есентай өзеніне құлап кеткен итті құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға туралы Threads қолданушылары жазды. 

"Есентай арнасына ит түсіп кетіп, шыға алмай қалғаны туралы ақпарат тарады. Ит құтқарылды, ол куәгерлердің бірлескен күшімен шығарылды. Көмектескен адамдарға, еріктілерге және итті шығарып алған @azizbeishenaliyev-ке (Азиз Бейшеналиев) алғыс айтқым келеді", – деп жазды Threads қолданушысы.

Артынша Instagram желісінде итті құтқару сәті түсірілген видеолар жарияланды.

Кадрлардан итті құтқаруға көмектескендер арасында актер Азиз Бейшеналиевтің жүргенін көруге болады. Ол кездейсоқ сол жерден өтіп бара жатып, құтқару жұмысына қосылған. Актер жануарларды ұстауға арналған торды қолданып, итті жоғары шығаруға көмектескен. 

Желі қолданушылары актердің әрекетіне тәнті болып, пікірлерде алғыстарын жаудырды. 

“Тамаша актер тамаша адам болып шықты”, “Жаны таза, керемет адам”, “Біздің адам”, “Шынымен бе? Бұл менің ең сүйікті актерлерімнің бірі ғой”, “Үлкен рахмет, үлкен жүректі адам!”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салсақ, бұған дейін итті құтқарған алматылықтарға арнап мүсін орнатылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 23:08