Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен таңда мас күйде, міндім таксиге": Ұлықпан Жолдасов әнші Садраддиннің әндерін сынады

Коллаж: Stan.kz

Танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов жас әнші Садраддиннің шығармашылығын сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Композитор жас талант орындап жүрген әнді мысалға келтірген.

"Жүйке шыдамайды. Тыңдап отырған компьютерімді немесе құлаққабымды лақтырып жіберемін. "Таңертең мас күйде, отырдым таксиге, анам мені күтеді асүйде" дейді. Не әңгіме мынау?! Не деген ән, не деген сөздер... Тіпті, біреулер боқтап жатыр. Солай атымды шығарамын деп ойлайды. Әнді де, басқаны да сайқымазақ етті. Тыңдайтын ән қалған жоқ. Кейбір әндер бар. Өте жақсы, күшті. Бірақ жақтарын шайнап айтады", – дейді Ұлықпан Жолдасов.



Желі қолданушылары сазгерден Садраддиннің шығармашылығына тиіспеуін өтінді. 

“Өзінің қызы да мұрнымен ән айтып жүр”, “Ұлықпанның әнін тыңдай алмаймын”, “Қазір бұл кісінің заманы өтті”, “Шымкенттің салқын сырасы” деген әнді ұмытып кетті-ау”, “Фариданың әндерінің де сөзі түсініксіз”, “Садрға тиіспеңіздерші”, “Ағамыздың сөзі қызғаныш сияқты”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Садраддиннің кешігіп жүретінін сынаған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 23 Маусым, 2025 10:37
Талқылау