AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алдыма таңдау қойды": Путин Назарбаевпен болған әңгіме туралы айтты

Ресей тату көршілерімен қарым-қатынасын дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Бішкекте өтіп жатқан Еуразиялық экономикалық форум барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресейлік көшбасшы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев көтергенін еске алды.

Назарбаевты тілге тиек еткен Путин Еуразиялық экономикалық одақты құру кезінде Қазақстан президентінің Ресей алдына таңдау қойғанын атап өтті. Путиннің сөзінше, сол кезде Ресей алдында тікелей көршілерімен белсенді әрі терең ынтымақтастық орнату немесе Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру таңдауы тұрған болатын.



"Біз ДСҰ кіруге деген ниетіміз бен батыстық әріптестермен қарым-қатынасты дамыту мүмкіндігі бола тұра басымдықты тікелей көршілеріміз және Кеңес одағында бірге болған елдермен ынтымақтастық орнатуға бердік", - деді ол.

Форум барысында Путин "Үлкен Еуразия" стратегиялық жобасын құруды ұсынды.

Үлкен Еуразиялық әріптестіктің кешенді стратегиясын құратын кез келді. Ол халықаралық және маңызды сын-қатерлерді басшылыққа алуға тиіс. Оның айтуынша, қазіргі халықаралық жағдайда дәстүрлі сауда-экономикалық, логистикалық байланыстар үзіліп жатқан тұста бұл жобаның маңызы зор.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр