Тамыз айында Қазақстанның бірнеше өңіріне құрғақшылық қаупі төніп тұр
Фото: istockphoto.com
"Қазгидромет" тамыз айында Қазақстанның бірнеше өңіріне құрғақшылық қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазгидрометтің мәліметінше, елдің оңтүстігінде құрғақшылық болу ықтималдығы жоғары.
Тамыз айында орташа құрғақшылық күтілетін өңірлердің тізімі жарияланды:
- Батыс Қазақстан облысының Жаңақала және Қаратөбе аудандарында;
- Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Қостанай облысының Амангелді және Жанкелдин аудандарында;
- Қарағанды облысының Ақтоғай және Шет аудандарында;
- Абай облысының Аягөз және Үржар аудандарында;
- Алматы облысының Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында;
- Жетісу облысының Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандарында;
- Қызылорда облысының Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
- Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.
Синоптиктер келесі аудандарда ылғалдылықтың орташа деңгейде болатынын болжайды:
- Павлодар облысының Ақтоғай және Железин аудандарында;
- Солтүстік Қазақстан облысының Жұмабаев және Жамбыл аудандарында.
Елдің қалған аумақтарында ылғалдылық қалыпты деңгейде болады деп болжанған.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде жазда құрғақшылық болатынына байланысты фермерлерге ылғалды көп қажет ететін дақылдардан бас тартуға кеңес берілген еді.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
