Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар қазақ қызының не себепті сыңсу айтпайтынын түсіндірді

Көп қызды ұзатып жүрген әнші Тамара Асар “Ұйқым келмейді” бағдарламасында сыңсу айтудың мәнін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/tamara_assar

Өнер иесінің айтуынша, көпшілік қазақтың салты сыңсуды дұрыс түсінбейді. 

“Иә, Ақтауда қыз ұзататынмын. Бастығымның айтуы бойынша, біз бірінші рет қыз бен жігітті бөлдік сол күні. Тойдың иесі "мен қызым мен күйеу баламды қалай бөліп жіберемін" деп ренжіді. "Қазақтың салт-дәстүрінде қыз бөлек отырады, жігіт бөлек келеді" деймін. Бірінші рет осылай жасағанда бәрі таңғалды. Оның режиссері менің бастығым болды. Қазақтың қызы сыңсу айтпаған. Малға, шалға кетіп бара жатқан қыз ғана сыңсу айтқан. Сыңсуды еріксіз кеткен адам айтқан. Ал мен "Ата-ананың өсиет әні" деген әнді жаздым. Әуенін халықтан алдым. Барлығы - халықтікі. Оны жөндеп, өзіне қайта береміз. Сыңсу  еріксіз кеткен қыздың зары, жоқтауы сияқты”, – дейді Тамара Асар. 

Бұған дейін Тамара Асар ұлы Қамбарға қандай келіншек керегін айтқан болатын.

Талқылау