Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қан құсып жатырмын": "Буынсыз адам" атанған марқұм Айдос Тоқтарбайдың соңғы сәттегі видеосы тарады

Танымал цирк әртісі марқұм Айдос Тоқтарбайдың өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aidos_toktarbai/

Ел арасында буынсыз адам атанған Айдос Тоқтарбай видеода қан түкіріп отырғанын айтқан. Сөзінше, ішкі құрылысына зақым келген. 

“Тамақты көрдіңіздер ме? Кеше тойда қылыштың ұшымен кесіп алдым. Қан түкіріп жатырмын, кәдімгідей. Температурам көтеріліп тұр", – деп айтқан марқұм соңғы бейнежазбасында.



Еске салайық жазушы Бейбіт Сарыбай да кезекті жасаған трюк ажалына себепкер болды деген еді. 

“Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?!”, – деген еді әдебиет өкілі. 

@kznews.kz Жазушы Бейбіт Сарыбай “буынсыз адам” деп танылған цирк әртісі Айдос Тоқтарбайдың неден көз жұмғанын айтты. “Цирк өнерінде қайталанбас трюктер жасап жүретін Айдос Тоқтарбай құрдасым өмірден озыпты. Өкінішті. Көрген адамның өзі қорқып отыратын қорқынышты трюк ажалына себепкер болыпты. Ақкөңіл, аңқылдаған қайран дос. Сен де көштің бе бұл жалғаннан?! Жаның жәннатта болсын, мейірімі шексіз Алла алдыңнан жарылқасын. Көрмеген көшеңнен қорықпа, бабаларың кеткен жақ. Туыстарына көңіл айтамын”, – деді жазушы.#жаңалықтар #новости ♬ оригинальный звук - Соңғы жаңалықтар
Талқылау