Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Талибан" қозғалысы бүкіл Ауғанстанды басып алғанын жариялады

"Талибан" Ауғанстанды басып алғанын жариялады және билікті тапсыру туралы келіссөздерді бастады. Тәліптер жексенбі күні Ауғанстанның бүкіл аумағына бақылау орнатылғанын жариялады. Қозғалыс өкілдері билікті тапсыру үшін мемлекетпен келіссөз жүргізу үшін Кабулдағы президент сарайына келгендерін айтты. 

Кейінірек Sputnik Ауғанстан президент Ашраф Ғани отставкаға кеткенін, ал уақытша үкіметті Али Ахмад Джалали мен Молла Абдул Гани Барадар (Талибан өкілі) басқаратынын білді, алайда бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ. 

Өз кезегінде президент Ашраф Ғани АҚШ-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Залмай Халилзадпен және НАТО-ның жоғары лауазымды шенеуніктерімен төтенше келіссөздер жүргізгенін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне Ауғанстан президенті әкімшілігінің өкілі хабарлаған.

Ауғанстан ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Абдул Саттар Мирзаквал Ауғанстанда биліктің ауысуы бейбіт жолмен жүзеге асатынын айтты. "Қауіпсіздік күштері қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - деп уәде етті ол.

Әскерилер Ауғанстан астанасына шабуылын 15 тамыз, жексенбі күні таңертең бастады. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәліптер барлық бағытта шабуыл жасаған. Сонымен қатар топтың қолбасшы өкілдері жауынгерлерге күш қолданудан барынша аулақ болуды және қаладан кеткісі келетіндерді еркін босатуды бұйырды.

Бірнеше сағат ішінде Талибан қаланың батысындағы Кабул университетін бақылауға алып, аудандардың бірінде өз туын көтерді. Осыдан кейін тәліптер мен ел билігі арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпарат тарады.

Al Arabiya басылымы хабарлағандай, қазірге дейін Талибан Ауғанстан шекарасын толық бақылауда ұстап, Кабул әуежайынан басқа елден шығудың барлық мүмкін жолдарын жауып тастаған. Әуежайдың өзі шетелдік әскери күштердің, ең алдымен Түркияның бақылауында қала береді.

Өткен аптада тәліптер Ауғанстанның 16 провинциясының астаналарын басып алды. 12 тамызда екі ірі қала құлады: елдегі екінші үлкен қала Қандахар және келесісі Герат. Соңғысы үкіметтік күштер қаладан шегінгеннен кейін ұрыссыз берілді. Гераттың жаулап алынуы Кабулды елдің оңтүстігінен іс жүзінде үзді. 

2021 жылдың көктемінде АҚШ әскерлерінің шығарылатыны туралы мәлімдемеден кейін "Талибан" Ауғанстан армиясының позициясына шабуылын күшейтті. 1 мамырда әскерлерді Ауғанстан аумағынан ресми түрде шығару басталды. Алғашында АҚШ әскері 11 қыркүйекке дейін елден толығымен кетеді деп хабарланғанымен, кейінірек бұл мерзім 31 тамызға дейін қысқартылды.

Америка Құрама Штаттары Кабулдағы елшілік қызметкерлерін сейсенбіге дейін эвакуациялауға ниетті. АҚШ тікұшақтары дипломатиялық қызметкерлерді сонымен қатар АҚШ әскерінде жұмыс істеген ауғандықтарды елшіліктен Кабул әуежайына дейін жеткізеді. 

АҚШ президенті Джо Байден егер тәліптердің әрекеті елшілік қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, онда шешуші тойтарыс берілетінін айтты. Америкалық көшбасшы дипломатиялық персоналды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін елге 5000 әскер жіберуді бұйырды.

Талқылау