Талғат Теменов: Адамдардың дарынсыздығы мен ақымақтығы ашуыма тиеді
Белгілі кино және театр режиссері Талғат Теменов "The эфир" Youtube каналына берген сұхбатында өзіне адамдардың дарынсыздығы мен ақымақтығы ұнамайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі хабарлайды.
Жүргізушінің "сізге дәл қазіргі сәтте не ұнамайды" деген сұрағына:
"Адамдардың дарынсыздығы мен ақымақтығы ашуыма тиеді. Дүниедегі ақымақ адам ешқашан ақымақтығын мойындамайды. Ақылды адам ғана ақымақтығын мойындайды", - деп режиссер қысқа қайырды.
Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы "адамның ақымақтығын қалай анықтаймыз дегенде:
"Өмірдің өзі кітаптың беттері секілді. Біраз уақыт өткеннен кейін өзіңнің ақымақтығыңды, кешегі жасаған қателігіңді таңертең түсінесің. Адам оянған кезде алдымен түйсігі сосын денесі оянады, сосын барып адамның ақылы оянады. Түйсік-борометр. Кеше не істедің, не қойдың, не жақсы болды, не жаиман болды деген кезде кешегі жасаған ақымақтығың алдыңнан шыға келеді. Сол кезде әттең-ай деп ақыл келеді.
Бұл өмірде ақымақтық жасамайтын тек шайтан ғана. Өйткені, ол барлығын біліп жасайды. Ол өкінбейді. Егер адам қателеспейтін болса, пайғамбар немесе періште болып кетер еді. Сәбиді неге елдің бәрі жақсы көреді? Сәбидің күлкісі риясыз. Сәби қателік жасамайды. Ал адамның адамшылығы - жасаған қателігін білу", - деп өз ойын тарқатып өтті.