Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

бас бапкерФото:ҚФФ

Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресми түрде тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) хабарлады. 

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов бұған дейін 2016–2017 және 2020–2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқарған. Осылайша, ол ұлттық құраманы үшінші рет тізгіндеп отыр.

2025 жылы Байсуфинов қайта келгеннен кейін қазан айында ұлттық құрама екі матч өткізіп, төрт ұпай жинады. Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен айқын жеңіп, Солтүстік Македониямен өткен кездесуде тең нәтиже тіркеді.

Қараша айында Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнады. Ал Хорватияның Пула қаласында Фарер аралдарына қарсы өткен жолдастық матчта ұлттық құрама жеңіліс тапты.

Клубтық деңгейде Талғат Байсуфинов "Есіл-Богатырь" (Петропавл), "Ақсу", "Ертіс" (Павлодар) және "Ақжайық" (Орал) командаларын басқарған. Сондай-ақ Қазақстанның жастар құрамасымен де жұмыс істеген.

Футболшы ретіндегі мансабында ол "Ертіс", "Металлург", "Еңбек", "Экибастузец", "Жетісу" және "Восток" клубтарының намысын қорғады.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 19:03