Талғардың тиктокер әкімі қызметінен кеткен соң такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүр

Бір ай бұрын қызметінен кеткенін мәлімдеген Талғар қаласының экс-әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қазір жалға алған көлігімен такси жүргізушісі болып қосымша табыс тауып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Экс-әкім өзінің қандай жұмыста істесе де ұят көрмейтінін алға тартты.
"Қазақ айтады ғой, тіпті “есекті жусаң да, ақша тап” деп. Үйде жатқаным мен үшін ұят болды. Себебі бала-шағамды асырау керек. Өзімде көлік те жоқ. Бірақ жалға алған көлігіммен қазір таксист болып жұмыс істеймін. Бұрынғы әкім қазір таксист болып жүрмін. Күндіз де, түнде де жүргіземін. Түн ортасына дейін жұмыс істеймін. Күнделікті жоспарым – 18 500 теңге табыс табу, соған жеткізуім керек", – деді ол сұхбатында.
Журналист одан “қызметтен мәжбүрлі түрде кеттіңіз бе?” деп сұрады. Бірақ Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты өз еркімен кеткенін алға тартты. Айтуынша, атасының өмірден өтуі оның денсаулығына әсер еткен. Жүрекке байланысты мәселелер басталғандықтан жоғары жүктемені көтере алмаған.
-
TikTok-тағы видео полиция қызметкерінің сотталуына себеп болды
-
Батыс Қазақстанда 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен 68 жастағы шенеунік қамауға алынды
Әбілқайырұлы өзінің жұмысын 100% атқара алмағанын мойындады. Бірақ бар күшін салғанын айтты. Сонымен бірге ол егер оған тағы бір мүмкіндік берілсе және мемлекеттік қызметке шақырса, қайта оралуға дайын екенін жасырмады.
Еске салсақ, Талғар қаласының экс-әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы TikTok жүргізу арқылы мәселені қарап қазақстандықтарды сүйсіндірген еді. Алайда кейін оған жұмысын дұрыс орындамағаны үшін айыппұл салынды. Бұдан соң әкім өз еркімен қызметінен кетуге шешім шығарған.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев