Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғардағы Шерзат Полаттың өлімін ішкі істер министрі жеке бақылауына алды

Алматы облысында 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі тергеліп жатыр. Жаппай төбелес кезінде қаза тапқан жасөспірімге қатысты істі ішкі істер министрі Ержан Сәбденов жеке бақылауына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

"Алматы облысының Талғар ауданында кәмелетке толмаған бала қаза тапқан қайғылы оқиғаға қатысты барлық мән-жай ішкі істер министрінің жеке бақылауында", – делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда бір топ адам жабылып 16 жастағы оқушыны ұрып өлтірді деп айыпталған еді. Шерзат Қаржаубайұлының туыстары әділдік сұрап, Талғардағы жолды жауап тастады. Марқұмның анасы Гүльбара Бишмбиева оқиғаның мән-жайын айтып, баласын 7 емес, 13 адам ұрып-соғып, өлтіргенін мәлім етті. Полиция ұстаған күдіктілерді көзбен көру үшін Шерзаттың туыстары уақытша қамау изоляторына кірді.



Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осыдан кейін төбелес басталған. Прокуратура жеті күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. 

Талқылау