Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғардағы "заңсыздыққа" қатысты жиын өткізбек болған қоғам белсенділерін полиция ұстап әкетті

Алматы облысында “Талғардағы заңсыздық” атты баспасөз мәслихатының алдында полиция екі қоғам белсендісін ұстап әкетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/kris.p.karasai

Бүгін Алматыда "Талғардағы заңсыздық" атты баспасөз мәслихаты өтуі керек еді. Жиынға шақырылған бірқатар спикерлер Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросына өңірдегі заңсыздықтар туралы айтуы қажет болған. 



Бюро Талғар ауданының тұрғындары аудан басшылығының әрекетіне шағымданып жатқанын, ал Шерзатты өлтіру заңсыздықтың салдары екенін хабарлады. Алайда жоспарланған конференцияға екі сағат қалғанда журналистермен кездесуі тиіс екі белсенді – Әлнұр Ілияшев пен Жарқын Күрентаев ұсталғаны белгілі болды.

Бюро мәліметінше, спикерлердің ұсталу себебі әлі белгісіз.

 "Спикерлерді полиция ұстап әкетті. Әлнұр Ильяшев пен Жарқын Күрентаевты алып кетті. Не себепті ұсталғанын өздері де түсінбейді. Бөлімде күтіп отыр екен", – делінген бюро хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Кейіннен жағдайдың мән-жайы анықталды. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жанжалға сыраның түк те қатысы жоқ. Прокуратура бұл іске 10 адамның күдікті деп танылғанын, 5 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Талқылау