Талғарда көпірден өзенге құлап кетіп қаза тапқан әйелдің видеосы тарады
Әйелдің жансыз денесі Талғар қаласындағы су бөгетінен табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғадан бірнеше күн бұрын сегіз адамнан тұратын альпинистер тобы "Маралсай" демалыс базасының маңындағы бағананы айналып өтіп, тауға шыққан. 6 шілде күні кешкісін олар құтқарушыларға қатарларындағы адамдардың бірі Sputnik демалыс базасының үстіндегі шағын ағаш көпірден құлағанын айтып, хабар берген.
- Алакөлдегі өртенген демалыс базаларының видеосы пайда болды
- Ақмола облысында әкесі мен қызын толқын көлге әкетті
Әйелдің жасы қырықтар шамасында болған. Оны өзеннің ағысымен алып кеткен. Сол күні кешке полицейлер мен құтқарушылар әйелді іздеуге кіріскен. Түн ортасы болғасын іздеу жұмыстарын тоқтатып, таң ата қайта жалғасқан. Марқұмның денесін табу үшін экскаватор құрылғысы тартылған.
Алдын ала болжам бойынша әйел арқасындағы ауыр рюкзак пен қауіпті көпірдің салдарынан құлап кеткен.
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз?": Қазақстан ата-аналары мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы болып жатыр
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді
"Үйден шығуға қорқамын": 17 жастағы қазақстандық қыздың жеке деректерін курстастары желіге таратып жіберген
Осы жағдайдан кейін оған бөтен адамдар жаза бастаған