Талғарда қайғылы оқиға болған көшеге Шерзат Полаттың есімін беру ұсынылды
Фото: Stan.kz
Адвокат Мейірман Шекеев Талғар әкіміне қаладағы Менделеев және Шота Руставели көшелерінің бірінің атауын бұзақылардың қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың құрметіне өзгертуді сұрап, өтініш білдірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы үндеуді ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Шерзаттың атына көше берілсін! 16 жастағы Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделлев және Русставелли деп аталады. Екеуіде Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары емес. Кеңес үкіметін қалып қалған. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді. Неге ондай ойға келдім, ол жайлы кейінірек түсіндіре жатармын. Ал сіздер қалай қарайсыздар, қолдайсыздар ма?" - деп жазды ол.
Осыдан бірнеше күн бұрын Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың бір жылдық асы берілді. Онда Мейрман Шекеев те болды, ол дастархан басында Шерзатты қоғамды оятқан адам деп атады.
2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. 2025 жылдың 5 маусымында Жетісу облысының соты Талғарда жасөспірім Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталған 9 сотталушыға үкім шығарған еді. 19 тамыз күні апелляциялық сот сотталушылардың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

"Бір күнде 150 мың теңге таптым": Қазақ қызы көркем жазуымен Dior мен Givenchy-дің назарын аударды
