AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғарда адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші бұрынғы полицей болып шықты

Әлеуметтік желілерде Талғарда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері екені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Алматы облысындағы адам өліміне қатысты оқиғаның жаңа мәліметтері белгілі болды. Марқұмның туыстары: "Сол бір қаралы түнде бұрынғы полицей шетелдік көлікті басқарып, мас күйінде болған. Бұған ойын-сауық орындарының біріне орнатылған бақылау камераларының жазбалары дәлел", - деп жазды.

Жазба авторы өлімге әкелген Mercedes-Benz көлігін қағып кеткен адамның бұрынғы полиция қызметкері екенін айтты. 

"Ол 24 қазанда жұмыстан босатылды. Ал 25 қазан күні адамды қағып, қашып кетті. Бұған ІІД басшысы не дейді?" – дейді жазба авторы.

Оқиғаға қатысты марқұмның әпкесі пікір білдірді.

"Мас қызметкердің кесірінен тіреуімізден айырылдық. Онсыз қалай өмір сүретінімізді елестете де алмаймын. Барлық қолдары мен аяқтары сынған. Біз әділдікті талап етеміз, өйткені бұл біз үшін үлкен шығын.  Қалайша қағып кетіп, ары қарай қарамастан, тоқтамастан кете беруге болады. Ең болмаса түсіп, көмек берсе аман қалатын ба еді. Байқұс бала екі жарым сағат жатып қалған",  - дейді марқұмның әпкесі Марал Жеңісова. 

Полицейлер жол апатында ұсталған 26 жастағы жігіттің полиция қызметкері емес екенін айтты.

"Оқиға болған кезде күдікті полиция қызметкері болмаған, өйткені ол оқиғадан бұрын өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз берген. Медициналық сараптаманың қорытындысы оның мас күйінде болмағанын көрсетті. Тағы да сараптамалар жүргізілетін болады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бір күн бұрын әлеуметтік желіде Талғарда көлік түнде жол жиегінде кетіп бара жатқан 18 жастағы жасөспірімді қағып кеткені туралы видео тараған болатын. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тауып, көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.

Бейнежазбаны зерделеген полицейлер көп ұзамай жол-көлік оқиғасын жасаған адамды ұстағанын хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр