Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жемқорлыққа қарсы бюроның есепшісі қызмет орнында асылып қалды

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Алматы облыстық департаментінің ғимаратында осы мекеменің бухгалтері асылып өлді, деп хабарлайды КТК.

25 жастағы Динара Бекасылдың денесін түскі үзіліс кезінде күзетші көріп қалған. Бұл оқиғаның жай-жапсары туралы не ұлттық бюро, не полициядағыдар айтуға асығар емес. Айта кетейік, бұл – бір аптаның ішінде осы департаментте болған екінші өлім.
6 ақпан күні «ҚазСуШар» мекемесінің бұрынғы басшысы тергеушінің төртінші қабаттағы терезесінен секіріп өлген. 64 жастағы Сейілхан Мұхамәдиев мердігерден атқарылған жұмыс актісіне қол қою үшін 17 миллион теңгеден астам пара сұрап, соның 400 мың теңге алу барысында қолға түскен.
Әуелі зейнеткерлікке шығып,  ертесіне ұлттық бюрода тергелу кезінде терезеден секіргені мәлім болған еді. Куәгерлер оның сырт киімсіз және жалаңаяқ екенін айтқан. Апта өтпей аталған департамент бухгалтері өзіне қол салып отыр. Әзірге Динара Бекасылдың ұлттық бюрода штаттан тыс жалдамалы қызметкер ретінде жұмыс істегені және анасы екеуі ғана тұрып жатқаны белгілі. Құзырлы органдар «өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабымен іс қозғағанымен, оның жай-жапсары тулары әлі жақ ашқан жоқ.
Талқылау