Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда тергеу абақтысына жабылған күдікті өзіне қол салып қайтыс болды

43 жастағы азамат осыдан бір апта бұрын әкесіне пышақ жұмсағаны үшін ұсталған екен. Алайда тергеу қапасына түскен бойда, терезені шағып, әйнекпен тамағын орып жіберген, деп хабарлады КТК.

55222

Марқұмның өзін өзі өлтіргенін медициналық сараптама да растады. Тек оған туыстары сенбей отыр. Сондықтан қара жамылған отбасы мекеме қызметкерлерінің жазалануын талап етуде.

Баласын жоқтаған Күлсін Темірбаеваның бір аптадан бері көз жасы құрғаған емес. 30-шы қараша күні ұлын өз әкесіне пышақ жұмсағаны үшін тәртіп сақшылары ұстап әкеткен екен. Алайда бір тәуліктен кейін Талдықорған қаласындағы тергеу абақтысынан күдіктінің өлі денесі табылған. Түрме қызметкерлері Марат Темірбаевтың өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлапты. Алайда 40 жыл бойы дәрігер болып істеген анасы сақшылардың бұл сөзіне сенер емес. Себебі, «ұлымның денесінде сау жер жоқ» дейді қара жамылған ана.

“Басында жарақат бар, отверткамен ұрғылаған. Сол жақ иығында соққының ізі бар. Қабырғасы сынған. Салбырап тұр, ішіне қарай”, – дейді марқұмның анасы Күлсін Темірбаева.

Осылай деген ана ұлымды өлтіргендер жазасыз қалмауы тиіс дейді. Сондықтан тиісті орындарға шағым түсірген. Марқұмның туыстары тергеу абақтысының күзетшілерін де сотқа сүйремекші. Себебі олар көңіл айтудың орнына, өзімізге күш қолданды дейді.

“Өздері заң, өздері сот, өздері конституция. Мені күштеп сүйреген. Ойбайлап жерге жата қалғасын амалсыздан жіберді. Өзімді өлтіремін бастықтарыңды шақырыңдар дедім. Ел аманда, сотқа жеткізбей өлтіріп отырғандары сұмдық қой”, – дейді марқұмның туысы Нұрқадиша Қабылова.

Қазір абақтыдағы адам өліміне қатысты тергеу басталды. Болжам бойынша, Марат Темірбаев тергеу қапасындағы терезені шағып, әйнегімен өз-өзін бауыздап тастаған. Мекеме медбикесі жарасын тігіп бергенімен, көп қан жоғалтқан күдікті қайтыс болыпты.

“Марат Темірбаевтың Алматы облысындағы ЛА 155/16 түзеу мекемесінде қайтыс болғаны рас. Қазір осы іс бойынша «өз өзіне қол салуға итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, облыстық ішкі істер департаментінің қауіпсіздік қызметі салғырттық бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр”, – деді Алматы облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Ысқақов.

Марқұм Сарқанд ауданында жылқы шаруашылығымен айналысқан екен. Алайда өз әкесімен не үшін қырық пышақ болғаны белгісіз. Туыстары бұл туралы жақ ашпай отыр. Белгілісі, әкесі қатты жараланбапты. Қазір үйінде екен.

Оқи отырыңыз:

Германияға келген босқын Еврокомиссияда істейтін шенеуніктің қызын зорлап өлтіріп тастады

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр

Талқылау