Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда өз ұлын зорлаған мектеп директоры сотталып жатыр

Талдықорған Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелет жасқа толмаған баланы зорлау факті бойынша сот талқысы басталды, – деп хабарлады Алматы облысы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Аталған дерек Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. Биылғы жылдың тамыз айында әйел адам күйеуі бірнеше жыл бойы ұлын зорлап келгенін айтып, полицияға шағымданған.

Анасы үлкен дәретін ұстай алмайтын баласын дәрігерлерге көрсеткен. Дәрігерлер мұның тек зорлық салдарынан болуы мүмкін екенін айтқан. Әйел өз күйеуінен күмәнданып, одан жағдайды түсіндіруін талап еткен. Есесіне ашуланған ері әйелін ұрып-соғып, қолын сындырған.

Айта кетсек, қамауға алынғанға дейін күдікті ер адам өңірдегі ауыл мектептерінің бірінде директор қызметін атқарған.

Сот процесі жабық режимде өткен. Айыпталушыға ҚР ҚК 121- бабының 4-бөлімі (Зорлық-зомбылық әрекеті) және 107-бабының 1-бөлімі (Азаптау) бойынша айып тағылуда.

Жіберіп алмаңыз:

Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сотта күлкісін тыя алмады

Сары әулие ең жас әйелі дүниеге әкелген жиырма үшінші перзентін көрсетті (фото)

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Еспанов Абай Бегейдің 500 қонағын тыңдата алмай ұятқа қалды

Талқылау