Талдықорғандық қарақшы екі жасөспірімді шешіндіріп, телефондарын тартып алған
Талдықорғанда 23 жастағы азамат екі жасөспірімді пышақпен қорқытып, киімсіз және ұялы телефонсыз қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Белгісіз азамат оларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын, кроссовкілері мен жемпірлерін тартып алған. Қылмыстық полиция бөлімінің жедел уәкілі үш сағаттың ішінде бұған дейін де ұқсас қылмыстарға барған 23 жастағы Талдықорған азаматын қолға түсірді. Ұрланған заттар табылды", – деп хабарлады полицейлер.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Қылмыстық кодекстің 191 бабы, 2-бөлімі (ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бап бойынша, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"