AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жедел жәрдем қызметкері суға батып кеткен екі жасар баланы тірілтіп алды

Талдықорғанда жедел жәрдем бригадасы суға батып кеткен екі жасар баланы тірілтіп алды.

suga_batty

Оқиға 2 мамыр күні болды. Қыз бала қала маңындағы тоғанға құлап кеткен. Ол абайсызда ересектердің назарынсыз қалып қалған. Баланы судан тез шығарғанымен, дәрігерлер келгенше оның бойында тіршілік белгілері байқалмағаны белгілі болды.

"Бала тыныс алмаған. Жүрек соғысы болған жоқ. Мамандар бірден баланы тірілтуге кірісті. Алдымен көшеде, сосын жедел жәрдемде дем беріп көрді. Бірақ нәтиже болмады. Ауруханаға жақындай бергенде бала кенеттен жылап, тыныс ала бастады", - деп атап өтті фельдшер Алмабек Батқалбеков.

Қазір бойжеткен қалалық балалар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында емделіп жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда көктемгі аптап ыстық басталғалы балалардың суға батып кеткен жағдалары жиі қайталанды. 

Бір күн бұрын, 3 мамырда Алматы облысында алты және сегіз жастағы ұл мен қыз суармалы арнаға батып кеткен. 2 мамырда Шымкентте 15 жастағы жасөспірім су толтырылған қараусыз қалған шұңқырға батып кетті.

30 сәуір күні Түркістан облысының Кентау қаласында кішкентай бала суару арнасына түсіп, құбырға сорылып кеткен. Бала аман қалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр