Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда оқушы қызды өлтірген өгей әкесі мен анасы сотталды

Талдықорғанда кәмелетке толмаған қызын өлтірді деп айыпталған ерлі-зайыптылар сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram/taldykorgan_today

Бұған дейін 2024 жылдың қаңтарында Текелі маңындағы таулардан зорлық-зомбылық белгілерімен талдықорғандық оқушы қыз Карина Дорохинаның мәйіті табылған еді. Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен полицейлер өлтіргенін мойындаған қыздың өгей әкесі мен анасын ұстады.

Сот айыпталушылардың қылмыстық әрекетті 2023 жылдың күзінде (қазан айының басынан қараша айына дейін) жасағанын анықтады. Бала 2023 жылдың 6 қарашасында өлтірілген.

"Сотталушы М. мен Е.-нің кінәсі куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сараптамалық қорытындылар және айғақтармен, қылмыстық істің басқа да материалдарымен толық дәлелденді. Соттың үкімімен М.-ға (өгей әкесі) өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеді. Ал Е.-ге (ана) 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі колонияда өтеу тағайындалды", – деді Жетісу облыстық сотының өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.

Сондай-ақ сот кәмелетке толмаған жәбірленушінің өкілі сотталғандардың біріне 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қойған. Талап арыз ішінара қанағаттандырылды (төлем 15 миллион теңге).

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында 14 жасар қызға іздеу жарияланған еді. Ал 2024 жылдың қаңтарында Жетісу облысындағы Текелі тауларында мектеп оқушысының денесі табылған. 

Талқылау