Талдықорғанда көпқабатты үй терезесінен кішкентай бала құлап кете жаздады (видео)
Талдықорғанда кішкентай бала терезеден құлап кете жаздады. Оны куәгерлер байқап, дереу құтқарушыларға хабарласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Құтқарушылар жеткенше бір топ ер адам бала құлап кете ме, деген қорқынышпен терезенің түбінде матрас ұстап тұрған. Құтқарушылар жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.
"112 шұғыл нөміріне Талдықорған қаласының "Самал" шағын ауданындағы бесінші қабаттағы пәтерде терезеден құлап кету қаупі бар екі баланың қараусыз қалғаны туралы хабарлама түсті. Төтенше жағдайлар қызметі жеткенде үй иесі есікті ашты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері бір баланы терезенің сыртынан алды. Ал екіншісі пәтерде болды”, – делінген Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада тергеу үшін қамалған әйел төсек жаймасын пайдаланып терезеден қашып кеткені туралы жазған едік.