Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда бес жылда 1300-ден аса тұрғын үй мен пәтер заңбұзушылықпен берілген

2015-2020 жылдар аралығында Талдықорғанда 1043 тұрғын үй мен 330 пәтер заңбұзушылықпен берілген. Мұндай деректі қала әкімі Әсет Масабаев журналистермен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үйлерді жекелеген тұлғалар мен мемлекеттік қызметкерлер алған. Қазіргі уақытта мәселені шешу үшін үйлерді тиісті құрылымдарға қызметтік пайдалануға беру ұсынылуда. Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарына баспана бөлу кезінде заңбұзушылықтар орын алған. Қала басшысының сөзінше, аталған санат бойынша 700-ге жуық үй мен пәтер құжатсыз берілген. Қазіргі уақытта аталған тізім бойынша тексеріс жүргізілуде. 

Қала әкімшілігі мәселені шешу үшін "Кезекте" порталын іске қосты. Ол баспананы бөлу кезінде жемқорлыққа тосқауыл болады.



"Баспана бөліміне көптеген адамдар келді. Бұл жемқорлықтың орын алу қаупін арттырды. Себебі кезекке тұрушылар тікелей мемлекеттік орган қызметкерлерімен байланысты. Бұған дейін кезекке тұрғандардың 30 пайызға жуығы қайта тіркеуден өткен. Біздің білетініміз, ең жауаптылар - мүмкіндігі шектеулі азаматтар, зейнеткерлер мен халықтың әлеуметтік осал өзге топтары. Көптеген кезекке тұрушылар өз жеңілдіктерін растамаған. Бір рет кезекке тұрып, ол туралы ұмытып кеткендер де бар.

Қайта тіркелмеу тіркеуден шығаруға негіз бола алмайтынын атап өткім келеді. Мұқтаждықтан арылған тұлғаларды анықтау үшін "КЕЗЕКТЕ" порталындағы кезекті толық түгендеу қажеттілігі туындады", - деді әкім.

Тексеріс нәтижесі бойынша, кезек тізімінен 2054 адам алынып тасталды.

Талқылау