Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Талантсыз тыңшы": Баян Мақсатқызы машинасының нөмерін түсіріп алған адамға іздеу салды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы ізінен аңдып жүрген адамды көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Бейтаныс жігіт продюсердің машинасының нөмерін түсіріп алған. 

“Анау менің тұрақта тұрған машинам. Офистің алдында тұр. Әрі қарай не болғанын қараңыз. Талантсыз тыңшы ма, автоблогер ме? Машинаның нөмері не үшін керек”, – деп жазды продюсер. 



Еске салайық, жақында 50 жасын дүркіретіп атап өткен продюсерге күйеуі елде жоқ көлік сыйлаған еді.

“Тұрсен туған күніме Меладзені шақырып, дуэт айтқызды. Бөлек тағы да өте жақсы сыйлық берді. Ол – көлік. Маркасы – Rolls-Royce. Бірақ оған әлі мінген жоқпын, шамасы, түсі көк пе, көгілдір ме, сондай. Әлі көрмедім, көруге уақытым жоқ. Келген қонақтардың да сыйлығын ашпадым. Бәрін көріп, ашуға мүлдем уақытым жоқ", – деп ағынан жарылған еді продюсер. 

Еске салайық, бұған дейін Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірген еді. 

Талқылау