Таксист ақылды студенттерді тегін тасып жүр
Махачкалада 58 жастағы Ибрагим Расулов өзінің сұрақтарына дұрыс жауап берген студенттерден ақы алмайды екен.
Таксист жолаушыдан: “Мен сізге сұрақ қоямын. Үшеуіне дұрыс жауап берсеңіз – межелі жерге тегін барасыз” деп айтады. Көбіне-көп жолаушылар бұл ұсынысқа келіседі екен.
Ибрагим биология, тарих, әдебиет бойынша сауалдар қояды. Көбінесе Дағыстан тарихынан сұрағанды ұнатады. Аварлардан авар тарихын, лезгиндерден – лезгин, яғни, қандай ұлт мінсе сол ұлттың мәселелерін сауал етіп қояды.
Таксист вежливо спрашивает: “Хотите, я вам задам вопрос. Ответите правильно на три – поездка будет бесплатной”.
Мұндай емтихандарды таксист екі жылдан бері жүргізіп келеді. Осы арқылы ол 1000 рубль күн сайын жоғалтады екен.
Ибрагим жұмыс істейтін фирма да оның бастамасын қолдаған. Енді көлік ішіне камера орнатып, жазбаны интернетке салу да қарастырылып отыр.
Оқи отырыңыз:
Индонезияда ойнас жасағандарға жұрттың көзінше дүре соғылды (фото)
АҚШ-та әкесімен ақшаға бәстескен балақай жабайы бұқаның үстінен секіріп өтпекші болды (видео)
Эминем мен Рианнаның әнін шырқаған тотықұс желіде жұлдызға айналды (видео)