Такси жүргізушілері 50 шақырымнан артық жүре алмайды: Көлік министрі жаңа ұсыныс талқыланбайтынын айтты
Такси жүргізушілері 50 шақырымнан астам қашықтыққа тасымалдауға шектеу енгізу туралы ұсынысқа қарсы шықты. Көлік министрі Марат Қарабаев көпшіліктің наразылығына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарабаевтың сөзінше, мұны министрлік ұсынған жоқ.
"Министрлік мұндайды ұсынған жоқ. 50 немесе 100 км шектеулері маңызды емес, мұндай нақты өзгеріс жоспарланбаған. Бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобына қатысушылардың ұсынысы болды. Мұндай түзету әзірленіп жатқан жоқ және талқыланбайды, – деді көлік министрі үкімет отырысында.
Еске салсақ, Қазақстанда оң жақ рульді такси көліктеріне жұмыс істеуге тыйым салынатыны айтылды.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"