Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландтық лоукостер Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

Таиландтық лоукостер Алматы мен Бангкок арасында әуе рейсін ашады

Фото: Ru.freepik.com

“Thai Air Asia X” компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе әуе компаниясының 2025 жылдың 1 желтоқсанында аптасына төрт рейспен Airbus A330 ұшағын пайдалана отырып, Алматы мен Бангкок арасындағы әуе қатынасын ашу жоспары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2025 жылғы 7 қазанда Көлік вице-министрі Талғат Ластаев таиландтық лоукостер “Thai Air Asia X” компаниясының бас атқарушы директоры Паттра Бусаравонгсе ханыммен кездесті.

“Thai Air Asia X” әуе компаниясы Алматыдан Еуропаның Берлин (Германия) және Манчестер (Ұлыбритания) қалаларына Қазақстанның “ашықаспан” режимінде  “әуе еркіндігінің” 5-дәрежесімен рейстерді орындауға қызығушылық танытты.

Көлік министрлігі қажет көмек көрсетуге дайын. Елдер арасындағы туризм мен іскерлік байланыстарды дамыту үшін әуе рейстерін ашудың маңызын атап өтті.

Thai Air Asia X – Жапонияға, Кореяға, Үндістанға, Австралияға, Иранға, Оманға және басқа елдерге орта және ұзақ мерзімді халықаралық рейстерді орындайтын Тайланд әуе компаниясы. Әуе компаниясының паркінде тоғыз Airbus A330 ұшағы бар.

Айым Болатқызы
Жұма, 10 Қазан, 2025 15:19
Талқылау