Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 айлық сәби «су перісі» синдромына шалдыққан

Кішкентай Джермкван Кратумнаттың қос аяғы бірігіп қалған және оның бет-әлпетінің жартысы жоқ. Небәрі 10 айлық сәби «су перісі» синдромына шалдыққан.

nintchdbpict000308993661

Бұл туралы The Sun басылымы жазды.

Кван Таиландтың Кананчабури аймағында ата-әжесінің қолында тұрады.

Кванның оң көзі көрмейді, ал денесінің төменгі бөлігінің терісі жабысып қалған. Сондықтан да оның жынысы анықталмаған.

Таиланд монахтары Кванның жағдайына алаңдаулы. Олар әлеуметтік желіде кванның жағдайын қызу талқыға салған.

«Кванның ақыл-есі кеміс, ал анасы жап-жас. Бұл отбасында Кванның әжесі ғана жұмыс істейді, сондықтан сәби қажетті емін ала алмайды. Дәрігерлер ота жасап, оның жағдайын түзей алады. Тек ол үшін Кван есеюі керек», – деп жазады монахтың бірі.

rb-mermaidbabymuzz

Қазіргі уақытта Кван Бангкоктегі Шрират ауруханасында емделіп жатыр. Монах Бхин сәбидің отбасына 700 фунт стерлинг көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, жергілікті телеарна 230 фунт стерлинг ақша бөлді.

nintchdbpict000308993687

«Бірақ бұл ақша Кванның отбасына қысқа мерзімге ғана көмектесе алады, оның емі өте ұзақ уақытқа созылғандықтан сәбидің отбасына әлі де қаражат керек», – деп түсіндірген Монах елді Кванның отбасына көмектесуге шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

Сәбиін иттің қарауына тастап кеткен ана көпшілікті таңғалдырды (видео)

300 келі шоколадтан Құран кітабы жасалды (фото)

Америкалық қыз жирафқа ұқсау үшін мойнын ұзартты

Кішкентай қытайлық балақай улы жыланды уысынан шығармай ойнады (видео)

Талқылау