Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта бірге жүрген Маржан Арапбаева мен Абай Бегей сынның астында қалды (фото)

Жуырда ғана 39 жасқа толған Маржан Арапбаева кезекті жасын тойлау үшін Таиландқа аттанып кетті. Демалыс орнына жете салысымен әнші онда жолдасымен бірге аттанғанын жария етті. Алайда біраз уақыттан кейін әнші Абай Бегейдің де дәл осы мекенде демалып жатқаны белгілі болды.

Маржан-Абай-130217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Маржан Арапбаева сахналас-әріптесі Абай Бегеймен бірге теңіз ортасында суретке түсемін деп сынның астында қалды. Себебі екеуін бірге көрген желі оқырмандары су ортасында қос әншінің бірге жүруін ерсі деп тапты.

“Маржан ханым, демалысыңыз Абай Бегеймен ме сонда?”, “Күмәнді жағдай екен”, “Мен де жаман ойлап кетіппін”, “Қарап тұрған жігітке қыз асылған заман болды ғой. Маржанның жолдасы бар емес пе? Ұяттау енді, ұят болмаса осылай болады ғой енді”, “Осылар өздері қайдағы жоқ фото қояды да кейін ел айтты деп ренжиді”, “Ұя болды, араларында бірдеңе болғанға сенбеймін”, – дейді олар.

Абай и Маржан-130217

Ал Маржан Арапбаеваның өзі бұл жағдайды былай деп түсіндірді:

“Солай сәті түскен болар, бірге бір уақытта, бір қалада, бір кемеде, бір экскурсияларда аспанға қарап, жұлдызды санап сол”.

Есте болса, бұған дейін Арапбаеваның Таиландқа күйеуімен бірге аттанғанын жазған едік.


Баян Есентаева Жұлдыз Өмірғалидың топтан кетуінің себебін ашып айтты

Талқылау