Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта алып кесіртке туристі жеп қойды

Таиландта 30 жастағы Бельгия азаматы Элиза Даллемангенің өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сәуір айының аяғында оның денесі Тау аралынан табылған болатын. Полиция отбасына Элизаның өзіне қол салғанын хабарлаған. Алайда отбасы мұндай нұсқаға сенуден бас тартып отыр.

photo_219542

Бұл туралы Metro басылымы хабарлайды.

Кесірткенің Элизаның тәнін бөлшектеп тастағаны соншалық, тіске сараптама жасау арқылы ғана мәйіттің кім екені анықталған. Ата-анасының айтуынша, қыздары соңғы бірнеше жылда әлем аралап, йогамен айналысқан.

Соңғы рет ата-анасына хабарласқан кезде, бойжеткен олармен көтеріңкі көңіл-күйде сөйлескен. Өзінің бақытты екенін айтқан. Ата-анасының күдіктенуіне қыздарының өмірмен қош айтысар сәтте хат қалдырмауы себеп болып отыр.

Журналистер полицейлер әдейі Элизаның өлімін жасырып отыр деген ойда. Соңғы үш жылда Тау аралында 7 адам көз жұмған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Жанармай бекетінде газ жарылып Маңғыстау тұрғынының денесін 100% күйік шалды

Қарағандыда зымыран бөлшектерінен зардап шеккен екінші адам көз жұмды

Шымкент балабақшасында екі жасар бала қайтыс болды

Оралда құрылыс орнынан табылған жаңа туған сәбидің анасы ұсталды

Талқылау