Таиланд тұрғыны тікелей эфирде 11 айлық қызын өлтіріп, өзіне қол салды
Таиланд полициясы тұрғынның кішкентай баласын өлтіріп, сосын өзіне қол салғанын растады. Ер адамның ондай қадамға неліктен барғаны белгісіз.
Бұл туралы Phuket Gazette хабарлайды.
Фейсбук әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде кезекті қайғылы оқиға орын алды. Бұл жолы Пхукет қаласының тұрғыны Вуттусан Вонгталай 11 айлық қызын өлтіріп, сосын өзіне қол салған.
Ағасының айтуынша, ол жоғалып кетерден бұрын әйелімен ұрысып қалған. Шамамен 17:45 шамасында Вуттусан өзінің Фейсбуктегі Tonkla Ja деген аккаунтын пайдаланған. Ол 11 айлық қызын қонақүйдің ішінде асып өлтіреді. Қызын өлтіріп болғаннан кейін өзін асып тастайды.
Оның парақшасында екі бейнежазба қалған.
Талқылау