Таиланд пен Камбоджа шекарада атысты тоқтату туралы келісімге келді

Фото: Athit Perawongmetha / Reuters
Таиланд пен Камбоджа шекара бойындағы атысты тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Таиланд арнасының хабарлауынша, қарқынды шайқас 20 күнге созылды.
"Таиланд қорғаныс министрі Наттафон Накфанит пен Камбоджа қорғаныс министрі Теа Сейхи 27 желтоқсаннан бастап атысты тоқтату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды", – делінген мәлімдемеде.
Чантхабури провинциясындағы Бан Пхакрат шекара бекетінде өткен Таиланд пен Камбоджа арасындағы келіссөздер шамамен 40 минутқа созылды, оның ішінде қорғаныс министрлері шамамен 15 минут бойы пікір алмасты.
Таиланд пен Камбоджа кіретін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының (АСЕАН) әскери атташелер тобы Бангкоктағы Малайзияның әскери атташесі, бригада генералы Самсул Риза бин Муса бастаған халықаралық бақылаушылар ретінде қатысты. Рәсімнен кейін Камбоджа делегациясы өз еліне оралды.
Еске салсақ, осыған дейін Таиланд үкіметі шекарада тай және камбоджа әскері арасында болған атыстан кейін қауіпсіздік шараларын күшейткенін жазғанбыз. Алайда екі ел бір-бірін бітімді бұзды деп айыптап, қақтығысты қайта бастады.
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады