Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канада, Ұлыбритания және Аустралия Палестинаны мемлекет ретінде мойындады

палестина

Фото: istockphoto

Канада, Аустралия және Ұлыбритания Палестинаның мемлекет екенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Палестина мемлекетінің мойындалғанын Канада премьер-министрі Марк Карни жариялады.

Ал Аустралияда "тәуелсіз және егемен" Палестина мемлекетінің ресми түрде танылғанын премьер-министр Энтони Альбанезе хабарлады.

"Бүгіннен бастап, 2025 жылғы 21 қыркүйек, жексенбі күні, Аустралия Одағы тәуелсіз және егемен Палестина мемлекетін ресми түрде таниды", – делінген премьер-министрдің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, кеше Португалия Палестина мемлекетін мойындады. Франция президенті Эммануэль Макрон осы бірлескен бастаманың қозғаушы күші болып отыр. Франция мен Португалиядан бөлек, Палестинаны "Андорра, Аустралия, Бельгия, Люксембург, Мальта, Ұлыбритания және Сан-Марино" сияқты елдер мойындайды, деп хабарлады француз президентінің кеңесшісі.

Егер бұл іске асса, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Палестина мемлекетін бес тұрақты мүшеден төртеуі мойындайды. Ресей мен Қытай бұл қадамды 1988 жылы жасаған.

STAN.KZ
Жексенбі, 21 Қыркүйек, 2025 19:56