Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да дау: Әлем чемпионатында қазақстандық боксшының жеңісіне қатысты мәселе туындады

Британиялық бокс сарапшысы Тэйлор О’хоггинс Махмуд Сабырхан мен Мэттью Макхейл арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты. Бірақ сарапшы мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Махмуд Сабырхан2

Кеше Махмуд Сабырхан 1/8 финалда төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Алайда жанкүйерлер Макхейлді тиісті нокдауннан айырды деп наразылық білдірді. Олардың ойынша төрешілердің дәл осы шешімі шотландиялық боксшының жеңіске жетуіне кедергі болған. 


"Алтынға үміткер": Сарапшы қазақстандық боксшыны үздіктермен салыстырды


"Бұған қатысты даудың бары рас. Махмуд Сабырхан Мэттью Макхейлді жеңді, алайда Макхейлге бір нокдаун есептелуі керек еді. Екінші раундта ол джеб арқылы Сабырханды тепе-теңдіктен айырып, канвасқа тақаған болатын. Бірақ төреші мұны боксшының аяғы тайып кетті деп бағалады. 

Сабырхан мұның алдындағы раундта жеңіп келе жатқан. Дегенмен "нокдаун" болуы керек еді. Осы нәрсеге қатысты сұрақ туындайды: нәтижені қалай есептейміз? 10-9 Макхейлдің пайдасына ма әлде 10:10 теңбе-тең бе? Қандай жағдай болмасын, Махмуд - келесі кезеңге өтуге лайықты спортшы. Бәсекеге толы жекпе-жек болды деуге тұрарлық", - деп жазды өз твиттерінде О’Хоггинс.

Талқылау