Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алтынға үміткер": Сарапшы қазақстандық боксшыны үздіктермен салыстырды

"НеКАРАтэ" YouTubе арнасының авторы қазақстандық спортшы "Махмуд Сабырханның өнеріне тамсанып, өзінің бағасын берді, деп хабарлайды Stаn.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Махмуд Сабырхан

Турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде 20 жастағы Сабырхан Ин Гю Кимнен басым түсті. 1/8 финалда ол шотландиялық Мэттью Макхейлді төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

"Махмуд Сабырхан Ин Кю Кимді оңай жеңді. Осылайша "Қазақстандық Ломаченко" 1/8 финалға өтті. Оны қазақстандық уникум деп атауға болады. Спортшыда барлығы бар: шапшаңдық, ерекше тайминг, комбинациялық жұмыс және рингте не болып жатқанын түсіне алу. Бұл – ең маңыздысы. 54 келі салмақта алтынға үмкіткер. Зоировке оңай болмайын деп тұр.

Сабырхан жас та болса спортшы ретінде қалыптасып үлгерген. Жеңіске деген ықыласы, күш және техникасы бар. Соққысына келетін болсақ, ол тоннажбен жұмыс істейді, әр уақытта қарсыласын басып отырады. Оны Токио Олимпиадасында неліктен көрмегенімізді түсінбеймін, себебі медаль ала алатын еді. Кем дегенде үштіктен табылатын жігіт", - деп жазды автор. 
Айта кетейік, бұған дейін төрт спортшының ширек финалған өткенін хабарлаған едік. 
 

Талқылау