Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы бір боксшыға әлем чемпионатында алтын алғаны үшін көлік берілді

Тағы бір боксшыға әлем чемпионатында алтын алғаны үшін көлік берілді

Фото: instagram.com/sko_akimdik/

Қазақстандық боксшы Наталья Богдановаға Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алғаны үшін 10 миллион теңге тұратын көлік сыйға берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

26 жастағы қазақстандық боксшы Ливерпульдегі әлем чемпионатында өзінің алғашқы алтын медалін жеңіп алды. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайтындағы хабарламаға сәйкес, Натальяға жаңа Changan CS55 көлігінің кілттері тапсырылды.

Қазақстандағы мұндай автокөліктің бағасы 10 миллион 390 мың теңгеден басталады.


"Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйға берілді


Қазақстанда әлем чемпионатының жеңімпазы мемлекеттен міндетті түрде 15 мың доллар (шамамен 8 миллион теңге) алады. Келесі әлем чемпионатына дейін ол ай сайын 511 мың теңге мөлшерінде төлем алады, ал оның бапкері – 255 мың теңге төлемақыға ие болды.

Сонымен қатар, Қазақстан бокс федерациясы чемпиондар мен жүлдегерлерге қосымша сыйақылар тағайындады. Алтын үшін 100 мың доллар, күміс үшін 50 мың доллар, қола үшін 30 мың доллар берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жалпы командалық есепте бірінші орынға шығып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, осыған дейін әлемнің екі дүркін чемпионы Аида Әбікееваға автокөлік сыйға берілген еді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 22:58
Талқылау